Ссылки доступа

Бас прокуратура: Нүкіс оқиғасы бойынша күш қолдану ісі бөлек қаралады 


1-2 шілдеде Нүкісте болған жаппай көтеріліс кезінде қару қолдану оқиғасы бөлек қаралады. Осылай деп Өзбекстанның бас прокуратурасы мәлімдеді. 

"Жаппай тәртіпсіздік кезінде арнайы құралдар мен қару-жарақ 1 шілдеде Жоғарғы кеңес ғимараты алдында, 2 шілдеде Нүкіс ішкі істер бөлімшесі алдында стратегиялық нысандарды сақтау мақсатында қолданылды. Бұл фактілер бойынша тергеу ісі жалғасып жатыр. Бұл бөлек қаралады", - деп атап өткен бас прокуратура.

Нүкіс оқиғасы бойынша 171 адам айыпталып жатыр. Бұхара облысында оның 22-сіне қатысты сот отырысы жүріп жатыр.

Олардың бәрі билікті күшпен тартып алмақ болды, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды, қоғамдық тәртіпті бұзды деген баптар бойынша айыпталып жатыр.

Айыпталушылардың арасында "Эл хызметинде" газетінің бас редакторы Даулетмурат Тажимуратов, Makan.uz сайтының негізін қалаушы Лолагул Каллыханова да бар.

XS
SM
MD
LG