Оның айтуынша, білім мекемелерін уақытша жабу туралы шешімді Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған.
Ережеге сәйкес, оқушылардың 20 немесе одан көп пайызы сабаққа келмеген жағдайда мектеп карантинге жабылады.
Қырғызстанда кейінгі апталарда жұқпалы тұмау өршіп тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 5-11 желтоқсан аралығында 14078 адам тұмауратқан. Жұқпалы ауру көрсеткіші бір аптада 1,5 есе артқан. Науқастардың 68,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар.