Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметі: Бішкек басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің қызметкерлері Бішкек басшысының бұрынғы орынбасарын ұстады. Бұл туралы комитеттің баспасөз орталығы хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметінше, күдікті 2019-2021 жылдар аралығында "Бішкекжарық" мекемесін басқарған уақытта "кәсіпорында аса ірі көлемде (31 млн сом) ақша ұрланған".

ҰҚМК таратқан ресми баспасөз релизінде күдіктінің толық аты-жөні айтылмады, А.Ә.А. деп қана көрсетілді. 2019-2020 жылдары "Бішкекжарық" кәсіпорыны бас директоры қызметін Абдылдаев Әлімбек Анарбекұлы басқарғаны мәлім. Арнайы қызмет ұсталған азаматтың Абдылдаев екенін ресми түрде растаған жоқ.

Ұсталған бұрынғы шенеунік ҰҚМК тергеу изоляторына түсті.

XS
SM
MD
LG