Ссылки доступа

Президент сынынан соң Ташкент билігі 2018 жылы тыйым салынған 100 шағын автобус алды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкент көлік жүйесін сынаған соң астанаға 14-15 желтоқсанда 120 автобус жеткізілді. Олардың жүзі — Isuzu шағын автобусы, 2018 жылы президент жарлығымен тыйым салынған көлік түріне жатады.

Ташкент қаласы Көлік бас басқармасының 15 желтоқсанда кешке хабарлауынша, 13 желтоқсанда президент Шавкат Мирзияев астанадағы 18-автобус паркінде болып, Ташкенттің көлік қызметін жетілдіруді тапсырған. Мемлекет басшысының сынынан соң қоғамдық көлік мәселесін шешу үшін мекемеаралық шұғыл штаб құрылған.

14 желтоқсанда астанаға 20 үлкен MAN A22 автобусы жеткізілді. 15 желтоқсанда жүз Isuzu шағын автобусы келді. Бұған қоса, ІІМ Ташкент автопаркіне тағы 30 Isuzu автобусын сыйлаған.

"Gazeta.uz" басылымының хабарлауынша, президенттің 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жарлығына сәйкес, 2018 жылғы наурыздан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайсыз қоғамдық көлік сатып алуға тыйым салынған.

"Isuzu мидибустары мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана емес, ірі денелі адамдарға да ыңғайсыз", — деп жазды "Gazeta.uz".

16 желтоқсаннан бастап Ташкент қаласында бір мың автобус халыққа қызмет көрсетеді.

XS
SM
MD
LG