Airbus ұшақтарын шығараттың зауыттардың бірі орналасқан Гамбург қаласынан Ташкентке дейінгі жолға 6 сағат 30 минут кетті.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Францияға 21−22 қараша күндері жасаған сапарында Airbus компаниясымен алдағы 10 жылға келісім-шарт жасалды. Өзбекстан он жылда 12 жаңа ұшақ сатып алуды көздейді.
Uzbekistan Airways (бұрынғы "Узбекистон хаво йуллари" компаниясы) 2010 жылдан A320 ұшағын, ал 2019 жылдан — A320neo ұшағын пайдаланып жүр.
Бұған дейін хабарланғандай, Uzbekistan Airways әуе көліктерін жаңалау мақсатында бірнеше Boeing ұшағын лизингке берушіге қайтарып, Airbus ұшақтарын алғысы келеді. Сол кезден бастап 17 Boeing ұшағы мен 1999−2013 жылдардағы Ил ұшақтары сатыла бастаған.