Ссылки доступа

Қырғыз президенті әкімшілігі жекеменшік ұшақ сатып алып жатыр


Қырғызстан президентінің әкімшілігі лизингке жекеменшік ұшақ алу жұмысын аяқтап қалды. Президент Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев фейсбуктегі парағында осылай деп хабарлады.

Оның айтуынша, қырғыз жағы "шетелге шығатын шағын делегация үшін" Bombardier Challenger немесе Embraer Legacy джетін сатып алуды көздейді.

"Бұған дейін онымен жасалған сапарлардың бәрі компания келісімімен тегін жасалды. Қырғыз жағы жанармай шығынын ғана көтерді. Президент Жапаровтың Катарға жұмыс сапары да тегін болды", - деп жазды Сұлтанбаев.

2022 жылғы қыркүйекте Садыр Жапаров Нью-Йоркке Bombardier Global Express XRS джетімен ұшып барған. Сол кезде президенттің баспасөз хатшысы әкімшілік жекеменшік ұшақты лизингке алғысы келетінін айтқан. Жаңа ұшақ шетелге сапарлағанда №1 борт ретінде пайдаланылады.

Сұлтанбаевтың айтуынша, президенттің бұған дейін қолданған Ту-154 ұшағы жанармайды "көп жейді", оның үстіне ескі бортпен Еуропаға немесе АҚШ-қа жете алмайсың.

Еске салайық, бұның алдында мемлекет басшысының баспасөз қызметі Садыр Жапаров жұмыс бабымен Дохаға кеткенін хабарлаған. Ал Катардың ақпарат құралдары қырғыз президенті футболдан әлем чемпионатына келгенін, Аргентина - Франция финалын көргенін жазған.

XS
SM
MD
LG