Ссылки доступа

Қырғыз денсаулық министрлігі мектептегі карантин мерзімін созуға кеңес берді


Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі республикадағы мектептер мен балабақшалардағы карантин мерзімін созуға кеңес берді. Мәліметті Азаттықтың Қырғыз қызметіне министрлік растады.

Денсаулық сақтау министрлігіндегілердің айтуынша, 2022 жылғы 20 желтоқсанда Қырғызстанда 6 мың 558 адамның тұмау жұқтырғаны анықталған.

"Тұмаудың балалар арасында көп тарауына байланысты департамент Білім және ғылым министрлігіне оқушылардың қашықтан оқу мерзімін 30 желтоқсанға дейін созу туралы ұсыныс жолдады", - деп хабарлайды министрлік.

Білім министрлігі карантин мерзімін созу жөніндегі кеңеске қатысты қандай шешім қабылдағанын әлі хабарлаған жоқ.

Желтоқсанда Қырғызстанда тұмау өршіді. Сол себепті елдегі барлық мектеп 15 желтоқсаннан бастап қашықтан оқуға көшті. Мектептерде 24 желтоқсанға дейін карантин жарияланды.

XS
SM
MD
LG