Ссылки доступа

Тәжікстанда әскер жасындағы жастарды "ұрлауға" қатысқандарды ұстады


Тәжікстанның Куляб ауданында әскер жасындағы жастарды "ұрлаумен" айналысқан үш адамды ұстады.

Әскери комссиариат жұмысшысы Хатлон Рахматшоев, милиция қызметкері Фарходи Рахматулло және Восеъ ауданындағы аулдық жамағат төрағасының орынбасары Саидаброр Каландаров армияға барып келген жас жігітті "ұрлау" кезінде ұрды, денсаулығына байланысты әскерге жарамсыз деп танылған жігітті әскерге баруға мәжбүрледі деген күдікке ілінді. Бұл туралы Куляб аймақтық прокуратурасы хабарлады.

Олар қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін ірі көлемде айып төлейді немесе бес жылдан он жылға дейін сотталады.

Раджабов атындағы ауылдық жамағат төрағасы Хошим Хожаев орынбасарының ұсталғанын Азаттықтың Тәжік қызметіне растады. "Білуімше, Балжуваннан келген жас жігітті орынбасарымның көлігіне отырғызып, әскери комиссариатқа алып барған. Жігіттің айтуынша, оны көлікті ұрып, құлағын жыртқан", дейді ауыл басшысы.

Жәбірленуші Журабев Ягимовтың айтуынша, армияға барып келгеніне қарамастан оны өткен айда әскерге "ұрлау" кезінде ұрған. Дәрігерлер оның бір құлағы соққыдан жыртылғанын анықтаған.

"Мен Восеъ ауданында жылқы шаруашылығымен айналысамын. Биыл мені екі мәрте ұстады. Көктемгі науқан кезінде әскери билетімді көрсеткен соң босатты. Ал күзде тағы ұстап, қатты ұрып-соқты. Прокуратураға шағымдандым, оларды қатаң жазалауын қалаймын", дейді Журабек Ягимов.

Ал Восеъ ауданы Пушиен ауылындағы Исмоил Табаров отбасы прокуратураға шағымданып, психикалық ауруға шалдыққан ұлын мәжбүрлі түрде әскерге жібергенін айтқан. Куляб аймақтық прокуратурасындағылардың айтуынша, әскери бөлімдегі Табаровты куәлік алуға шақыртқан.

Тәжікстанда 18 жастан 27 жасқа дейінгі жастарды әскерге шақыру науқаны жылына екі мәрте - көктемде және күзде өтеді. Тәжік билігінің мәлімдеуінше, әскерге өз бетімен барғысы келетін жастар жыл өткен сайын көбейіп келеді. Алайда әскерге қабылдау науқаны кезінде жастарды көшеде немесе үйде әскерге "ұрлап" әкету оқиғалары туралы деректер көп айтылып жүр.

XS
SM
MD
LG