Ссылки доступа

FIDH Таулы Бадахшан белсенділерін тез арада босатуды талап етті


Халықаралық адам құқықтары федерациясы (FIDH) Тәжікстан президенті мен елдің басқа да басшыларынан Таулы Бадахшан автономиялы облысының азаматтық белсенділерін тез арада босатуды талап етті.

Ульфатхоним Мамадшоева, Фаромуз Иргашев, Хурсанд Мамадшоев және Манучехр Холикназаровқа тағылған айыптардың бәрі жойылсын, деп жазылған FIDH үндеуінде.

Бұған қоса, адам құқықтарын қорғаушылар Тәжікстан тұрғындарының бейбіт жиын өткізу құқығын сақтауды, сөз еркіндігін қамтамасыз етуді талап етті.

Үндеу авторлары Ульфатхоним Мамадшоеваны азаптағаны туралы мәліметті тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуды сұрады.

Тәжікстан Жоғарғы соты желтоқсанның басында бір аптаның ішінде Таулы Бадахшанның бірнеше тұрғынын ұзақ мерзімге соттады. Азаттықтың Тәжік қызметі дереккөздерінің 9 желтоқсанда хабарлауынша, Ульфатхоним Мамадшоеваға, Хурсанд Мамадшоевқа, Фаромузу Иргашеву, Манучехру Холикназарову и Хушруз Жұмаевқа үкім шыққан. Олардың бәрі Таулы Бадахшанның Хорог қаласы мен Рушан ауданында мамырдағы оқиғалардан соң ұсталған. Азаматтық белсенділерді тәртіпсіздік ұйымдастырды, билікті тайдыруға үндеді, экстремистік ұйымдарға қатысты деп айыптаған. Сотталған белсенділер тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG