Ссылки доступа

Қырғызстанда "Альфа Телекомға" аудит жүргізуге тендер жарияланды 


Қырғызстанның мемлекеттік мүліктерді басқару қоры 20 желтоқсанда "Альфа Телекомның" (бұрынғы MegaCom, қазір – MEGA) қызмет көрсету сапасын тексеруге тендер жариялады. 

Қор бұл қызмет үшін 90 мың доллар көлемінде ақша төлемекші. Бағалаушы 45 күн ішінде жұмысын аяқтап, өткізуі тиіс.

Байқауға құжаттар 9 қаңтарға дейін қабылданады.

Қырғыз үкіметі "Альфа Телеком" компаниясын сатуға бірнеше рет әрекет жасаған. Бірақ 2010 жылы уақытша үкімет компанияның 49% мемлекетке қайтарған. 2014 жылы толықтай мемлекет меншігіне өткен.

2021 жылы мемлекеттік мүлік жөніндегі қор Ұлттық банк "Альфа Телекомды" сатып алуға қауқары жетеді деп мәлімдеген. Бірақ Ұлттық банк компанияны сатып алу жоспарында жоқ екенін жеткізген.

2021 жылдың шілде айында Жогорку Кеңеш "Альфа Телеком" (мемлекет үлесі 100%), Кепелдендіру қору (14,9%), "Керемет Банк" (0,74%) және "Еуразия жинақ банкі" (76,56%) секілді компанияларды сату жөнінде құжатты мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG