Ссылки доступа

Мариупольді қалпына келтіруге қырғыз азаматтарын тартып жатыр 


Мариуполь, Украина.
Мариуполь, Украина.

Мигранттар араласатын Telegram-каналдарында тұрақты түрде жұмысқа вакансия жарияланып тұрады. Соңғы кезде Ресей басып алған Украинаның Мариуполь қаласына жұмысқа шақыру жөнінде жарнама көбейді. Онда айына 100 мың рубль айлық ұсынып жатыр.  

Азаттықтың қырғыз қызметі жарнамадағы телефон нөмерлеріне хабарласқанда, Бішкекте Мариупольға адамдар жіберетін арнайы топ барын анықтады. Олар Мариупольға барып жұмыс істегісі келетіндерді Қазақстан арқылы шығарып алады екен.

Алайда Қырғызстанның ІІМ бұл мәліметті терістеп, тексеру жүріп жатқанын жеткізді.

Дереккөздер мәліметінше, қазір Мариупольда ондаған қырғыз азаматы жұмыс істеп жатыр. "Менің бір танысым сонда жұмыс істеп жатыр. Күніне 5000 рубль, айына 100 мың рубль төлеп жатыр. Бәрі құрылыста, қирап қалған ғимараттарды қалпына келтіріп жатыр", - деді қырғызстандықтың бірі.

Мариуполь қазір көктемнен бері Ресей әскерінің бақылауында. Осы уақыттан бері 25 мың адам қайтыс болды, олардың 7 мыңы бейбіт тұрғын. Кремль қазір онда қалпына келтіру жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеп, Орталық Азиядан шыққан мигранттар жұмысқа тартылып жатқанын жеткізген.

Осының алдында өзбекстандықтар мен тәжікстандықтарды да Мариупольға жұмысқа тартып жатқаныны хабарланған болатын.

Казахстанцев зовут на работу в оккупированный Россией Мариуполь
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:06 0:00

XS
SM
MD
LG