Ссылки доступа

Тәжікстанда ИМ мүшесі 12 жылға сотталды 


Хатлон облыстық соты Кубодиен ауданының 60 жастағы  тұрғыны Сафар Каримовті Ислам мемлекеті (ИМ) террористік ұйымына мүше болды деген айыппен 12 жылға соттады. 

Сот үкімі қараша айында шыққан. Бұл жөнінде Тәжікстанның бас прокуратурасы хабарлады.

Сафар Каримов Ресейде жұмыс істеп жүріп, ИМ-ға кіріп, азаматтарды Сирия және Иранға барып, соғысуға тартқан.

Ол 2017 жылы Ресейде Самара облысында ұсталған. Ол тергеу абақтысында жатып та, азаматтарды ИМ-ға кіруге үгіттеген. Сол жылы Сафар Каримов Тәжікстанға депортацияланған.

Тәжік билігінің мәліметінше, 2013-2015 жылдары екі мыңға жуық азаматы ИМ-ға мүше болып, Сирия және Иранға соғысуға барған. Ол жақтан 220 әйел және бала отанына қайтарылған.

XS
SM
MD
LG