Ссылки доступа

Өзбекстан Қырғызстанға түркімен газынан электр энергиясын жіберіп жатыр 


Өзбекстан Қырғызстанға түркімен газынан өнділірген электр энергиясын Қырғызстанға жіберіп жатыр. Бұл Сырдария өзенін қамтамасыз етіп тұрған Тоқтағұл су қоймасындағы су деңгейі түсіп кетпеу үшін жіберіліп жатыр. 

Осылай деп Өзбекстан және Қырғызстан энергетика министрлігінің бірлескен мәлімдемесінде айтылды.

Осының алдында Өзбекстанның энергетика министрінің орынбасары Шерзод Ходжаев қыс мезгілінде біз Қырғызстанға электр энергиясын береміз, жазда олардан су аламыз деген.

Желтоқсан айында Өзбекстан түркімен газы импортын көбейткен. Үш айда 1,5 млрд текше метр газ алуды жоспарлап отыр.

Былтыр қараша айында Қырғызстан судың аздығынан электр энергиясы дағдарысын бастан өткерген.

XS
SM
MD
LG