Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі" бойынша айыпталушылардың туыстары наразылыққа шықты 


Бішкекте "Кемпірабад ісі" бойынша қамауға алынғандардың туыстары Құрманжан датқа ескерткіші алдында наразылық акциясына шықты. 

Жиналғандар "Бостандық!", "Отанды сүю қылмыс емес!" деп ұрандатып тұрды.

"Жаппай ұстау кезінде заң өрескел бұзылды. Оларды қамау мерзімі де заңсыз созылды", - деді Әсия Сасықбаеваның әпкесі Асыл Айтбаева.

Клара Сооронкулованың әпкесі Нүрия оның денсаулығына алаңдайтынын, аштық жариялағаннан кейін жағдайы нашарлап кеткенін мәлімдеді.

20 желтоқсанда да "Кемпірабад ісі" бойынша қамаудағылардың туыстары наразылық акциясына шығып, президентпен кездесуді талап еткен. Үкімет олардың хатына жауп береміз деп, бірақ сол күйі үнсіз қалған.

Қазан айында Бішкекте 30 саясаткер мен белсенді ұсталды. Олар Кемпірабад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсы болып, арнайы топ құрған. Оларға қарсы жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды деген айып тағылды.

Қазір қамауға алынғандардың 19-ы аштық жариялады.

XS
SM
MD
LG