Ссылки доступа

Өзбекстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді 


Өзбекстан Ауғанстанға 9 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жіберді.

Сұрхандария облысының баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 желтоқсанда жүк көліктері Хайратон қаласынан Термезге қарай жол тартқан.

Биыл қыркүйек айында да гуманитарлық көмек Балх провинциясына жіберілген.

Жаз кезінде 74 тонна гуманитарлық көмек жөнелткен.

2021 жылдың тамыз айында Кабул билігіне тәліптер келді. Қазір әлемде ешбір қауымдастық тәліптер билігін мойындаған жоқ.

XS
SM
MD
LG