Ссылки доступа

Токаев пен Мирзияев серіктестік және шекараны демаркациялау жөніндегі келісімдерге қол қойды


Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Астана мен Ташкент арасындағы одақтық қарым-қатынас жөніндегі келісімге қол қойды. 

"Әр тарапты әріптестік, сенім, тең құқықтық және ұлттық мүддені еске алу" жөнінде жазылған келісімге қазақ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға барған сапары аясында 22 желтоқсанда қол қойылды.

Құжатта сонымен бірге тараптардың бірі үшінші мемлекеттер тарабынан қарулы шабуыл қауіпі тұрған кезде Астана мен Ташкент тез арада шара қолдану мақсатында кеңес өткізетіні айтылған. Бірқатар сарапшылар бұл келісімді Ресейдің Украинаға басып кіруі тұсында қабылданып жатқанын айтады.

Президенттер бұдан бөлек екі елдің мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімге де қол қойды.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара қашықтығы - 2 мың 300 шақырымды алып жатыр. Шекараны белгілеу 2003 жылы басталған.

Шекараны белгілеу кезінде Бағыс ауылы мен Арнасай су қоймасы Қазақстанға берілген. Ал қазақтар тұрған Түркістан ауылы мен Қызылорда облысындағы үш елді-мекен Өзбекстанға өткен.

Осыған дейін екі елдің шекарасын анықтауда көптеген талас-тартыс болған.

Ақорда хабарлағандай, екі көрші саяси, сауда-экономикалық, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларды кеңейтуді талқылап, жалпы 15-тен астам келісімге қол қойылды.

Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда жүргізу 5 млрд долларға жеткен. Сарапшылар Тоқаевтың Ташкентке сапарынан кейін бұл сома 8 млрд долларға дейін жетеді деп болжайды.

XS
SM
MD
LG