Мекеме мәліметіне қарағанда, орыс азаматтығын алған тәжікстандықтардың саны шілде-қыркүйек айында көп болған.
Орта есеппен орыс төлқұжаты күніне 500-ден астам тәжікстандыққа беріліп, 90 күнде олардың саны 45,5 мыңға жеткен.
2022 жылдың қазан айында 114 мың тәжікстандық орыс азаматтығын алған.
Тәжік сарапшысы Амон Асрор егер осылай кете берсе, Тәжікстан таяу жылдары халқының көбі орыс азаматтары құрайтын елге айналуы мүмкін дегенді айтады. Оның сөзінше, соңғы алты жыл ішінде Тәжікстан халқының 5% орыс төлқұжатын алған.
"Мұндай жағдайда Душанбеге Мәскеусіз өз алдына саясат жүргуге қиын болады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, "өз азаматтарын қолдауды сылтау етіп, елге қол салуына себеп болуы мүмкін", - дейді Асрор.
Тәжік билігі Ресейде жұмыс істейтін азаматтарының саны 600 мыңнан асты деп есептейді. Сонымен бірге Ресей ел аумағында 2 млн тәжік мигранты бар екенін айтып келеді.