"Соңғы екі айдың ішінде Мекке және Медина қалаларына бара жатқан жолда Тәжікстанның жеті азаматы қаза болды. Бірқатар туристік агенттіктер адамдарды Дубайға дейін ұшақпен жеткізіп, одан кейін Жиддаға дейін автобустармен жіберген. Екі қаланың арасы 1042 шақырымды құрайды. Мұндай ұзақ жолға көбі шыдай бермейді", - деді аталған комиссияның баспасөз хатшысы Афшин Муким.
Осыған дейін Тәжікстан азаматтары умраға бара беретін. Бірақ кіші қажылыққа жіберу Дін істері жөніндегі комитетке жүктелгеннен кейін, бұл біршама қиындаған.
Қазір Тәжікстанда азаматтарды қажылыққа жіберуге ресми түрде Дін істері жөніндегі комитетке, "Ормон" және "Мунзал" компанияларына ғана рұқсат берілген.
Екі аптаға созылатын умраның бағасы 21-25 мың сомониді (2100-2500 доллар) құрайды. Бұл қажылық бағасынан үш есеге арзан.
Бірқатар тұрғындар бұл бағаны қымбат деп есептеп, Сауд Арабиясының Душанбедегі елшілігінен виза алғаннан кейін кіші қажылыққа Ресей немесе Өзбекстан арқылы кетуді жөн көреді.
Тәжікстанда умраға бару пандемияға байланысты шектеулер алынып тасталғаннан кейін бірден көбейді.