Ссылки доступа

Өзбекстаннан Қытайға сатылған газ мәліметі импорттаушы дерегімен сәйкес келмейді


Өзбекстан мемлекеттік статистика жөніндегі комитет мәліметінше, биыл қарашада Қытайға 39,6 миллион долларға газ экспортталған. Алайда Қытай жағы басқаша мәлімет көрсетіп отыр.

Былтыр Қытай Өзбекстаннан 114,2 млн долларға газ сатып алғанын хабарлаған.

Газ экспортының кейінгі 11 айдағы көрсеткіші де Қытай берген мәліметке сәйкес келмейді.

Өзбекстан мемлекеттік статистика жөніндегі комитет мәліметінше, Өзбекстан 11 айда 910,8 млн долларға газ сатқан. Қытай статистикасында биыл Өзбекстаннан 1,03 миллиард долларға газ импорттағаны айтылған. Қытай таратқан дерек Өзбекстан көрсеткен мәліметтен 13 пайызға артық.

"Газета.uz" басылымы биыл қазан айында да газ экспортына қатысты мәліметтер сәйкес келмегенін хабарлаған. Сол айда Өзбекстан 91 млн долларға газ сатқанын, ал Қытай жағы 148,5 млн долларға өзбек газын сатып алғанын айтқан.

Өзбекстан билігі биыл газ экспортын тоқтатқанын бірнеше мәрте жариялаған. 16 қарашада энергетика министрінің орынбасары Шерзод Хожаев Қытай газ экспорттау тоқтады десе болады деп мәлімдеген. Желтоқсанның басында "Өзтрансгаз" компаниясының басқарма төрағасы Бехзод Норматов Қытайға газ экспорттау 100 пайызға тоқтады деген. Екі шенеунік те мәлімдемесін дәлелдейтін ешқандай құжат көрсеткен жоқ.

XS
SM
MD
LG