Ссылки доступа

Эмомали Рахмон үндеуде Тәжікстандағы интернет жылдамдығын сынады


Архивное фото
Архивное фото

Тәжікстан парламенті қос палатасының 23 желтоқсандағы бірлескен отырысында президент Эмомали Рахмон депутаттарға үндеу арнады.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон парламентке үндеуінде 2022 жылғы "экономикалық санкциялардан тауарлар мен өнімдер жеткізу жолы үзілгеніне" алаңдайтынын мәлімдеді. Тәжікстан басшысының нақты қандай санкциялар туралы айтқаны белгісіз. Тәжікстанның стратегиялық әріптесі саналатын Ресей Украинаға басып кіргені үшін Батыс елдерінің санкциясына тап болғаны мәлім. "Адамзат кейінгі 100 жылдағы тарихының ең ауыр кезеңін бастан өткеріп жатыр", дейді Тәжікстан басшысы.

"Мемлекеттерді оқшаулайтын, тауар шығаруды шектейтін санкциялар заманында біз кәсіпкерлікке еркіндік беріп, кәсіпкерлерге көмектесуіміз қажет", деп мәлімдеді Эмомали Рахмон.

Тәжікстан басшысы үндеуді кейінгі бес жылда айлық 1,5 есе, зейнетақы 1,3 есе артқанын, кедейлік көрсеткіші бес жылда 27,4 пайызндан 22,5 пайызға дейін қысқарғанын, Тәжікстанда инфляция 4,2 пайыз ғана болғанын айтты.

Эмомали Рахмон елдегі интернет жылдамдығын сынады. "Туристер қайда барады? Интернеті жақсы жерге барады",— дейді Ұлт лидері.

Тәжікстан президенті жылда желтоқсан айында парламентке үндеу жолдайды. Сарапшылардың айтуынша, әдетте президент жолдауынан соң үкіметте ауыс-түйіс болады.

XS
SM
MD
LG