Ссылки доступа

Экобелсенділер Бішкек әкімдігінен жаңа жыл түні отшашу қолданбауды сұрайды


MoveGreen қоғамдық ұйымының өкілдері Қырғызстан астанасының әкімдігінен жаңа жыл түні отшашу қолданбауды сұрады. Бұл туралы экоұйым фейсбуктегі парағында хабарлады.

MoveGreen мәліметінше, отшашу қаланың экологиялық жағдайына кері әсер етеді.

"Отшашудан соң ауаны қою түтін басады, түрлі пиротехникалық өнімдер жанған соң қалаға улы қалдықтар түседі. Отшашу көмірқышқыл газ бен булы газ өндіреді, олар климатты өзгертеді. Ауада ондаған ауыр металдармен бірге PM2,5-тің ұсақ бөлшектері мен қышқылдар тарайды. Олармен демалған адамның иммунитеті әлсіреп, тыныс алу жолдары асқынады", - деп хабарлады ұйым.

Бұған қоса экологтар Табиғи ресурстар, экология және техникалық бақылау министрлігінен отшашу мен пиротехниканың басқа да түрлеріне тыйым салып, оны қолданғандарға айыппсұл салуды сұрап отыр.

Бішкек әкімдігінің мәліметінше, қала бюджетінен жаңа жыл түні отшашуға 755 мың сом бөлінген. 2020 және 2021 жылдары астана әкімдігі елдегі экологиялық жағдайды ескеріп, 31 желтоқсандағы отшашудан бас тартқан.

AirQuality интернет-сервисі Бішкекті әлемдегі ең лас қала деп атады.

XS
SM
MD
LG