Ссылки доступа

Қазақстанды ресейлік емес, Ресейден кететін шетел компаниялары қызықтырады


Қазақстанға шетел инвестициясын тарту мәселесінде Ресейден санкцияларға байланысты кетіп жатқан халықаралық компанияларду тарту маңызды. Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров 22 желтоқсандағы брифингте Азаттық тілшісінің сауалына осылай деп жауап берді.

"Бізге бұрын Қазақстанға қызықпаған, енді Ресейден кетіп жатқан шетел компаниялары қызықтырады. Елшілеріміз наурыз айынан бері барлық кеңселермен келіссөз жүргізіп жатыр, оларға жергілікті әріптес, алаң іздестіріп жатырмыз. Ресейлік компанияларды тарту маңызды емес, бірақ оларды да бақылап отырмыз. Оларды үш рет тексереміз. Оның құрылтайшысы немесе бас кеңсесі санкцияға іліккен болса, мұндай компаниялардың бізге көшуін шектейміз, өйткені олармен қаржы операцияларын жүргізуге, банктерде қызмет көрсетуге болмайды", - дейді СІМ өкілі.

Алмас Айдаров Қазақстандағы бір де бір компания тікелей немесе жанама санкцияға ілікпегенін айтты.

Министрдің орынбасарының мәлімдеуінше, Ресей нарығынан кететінін ашық мәлімдеген 362 шетел компаниясының 62-і Қазақстанға көшуге дайын екенін айтқан, бірақ 21 компания ғана келген. Олардың арасында Honeywell International (АҚШ), Indriver, Fortescue Metals Group (Австралия), Alstom (Франция) бар.

XS
SM
MD
LG