Ссылки доступа

Өзбекстанда министрлік пен мекемелер 61-ден 28-ге дейін қысқарады 


Өзбекстан президенті министрлік пен мекемелер санын 61-ден 28-ге дейін қысқарту жөніндегі құжатқа қол қойды. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап министрліктер саны 25-тен 21-ге дейін қысқарады, 20 мекеме толығымен жойылады. 

Шавкат Мирзияев мемлекеттік органдарды оңтайландыру жөніндегі жоспарын парламентте жасаған жолдауында айтқан.

Атқару билігі органдарының штаты, оның ішінде жетекші құрам 30% қысқарады және "еңбек ақыны әділетті төлеу жүйесі" енгізіледі.

Қысқарту нәтижесінде үнемделген қаражаттар әлеуметтік проблемаларды шешуге жұмсалады.

"Жаңа Өзбекстанның әкімшілік реформасының" бірінші кезеңі аясында 1 қаңтардан бастап өлкеде басқару әдісінің біріңғай жүйесі жұмыс істей бастайды.

XS
SM
MD
LG