Ссылки доступа

HRW Өзбекстан билігінен Ақпарат кодексінен бас тартуды сұрады


Өзбекстан президенті әкімшілігіне қарасты Ақпарат және байланыс агенттігі дайындаған Ақпарат кодексі жобасы қабылданған жағдайда, елде сөз бен баспасөз еркіндігі шектеледі. Халықаралық Human Rights Watch ұйымының 23 желтоқсанда таратқан мәлімдемесінде осылай деп жазылған.

"Заң шығарушылар аталған заң жобасын қабылдауға асықпауы тиіс, өйткені бұл құжат алаламау ұстанымын бұзып қана қоймай, сөз еркіндігін шектейді. Заңды қарамас бұрын, олар құжаттың адам құқықтары жөніндегі халықаралық ережелерге қаншалықты сай екенін тексеріп алуы тиіс", - деп мәлімдеді Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия жөніндегі аға зерттеушісі Мира Ритман.

Ақпарат кодексі жобасы 2022 жылғы 14 желтоқсанда жарияланып, халық болып талқылауға ұсынылды. Ұсыныстар мен пікірлер 29 желтоқсанға дейін қабылданады.

Кодек ақпарат мәселелерін реттейтін сегіз заңды біріктіреді. Дегенмен заң жобасында сарапшылардың сынына ұшырап үлгерген бірнеше жаңа ереже пайда болды.

HRW өкілдерінің айтуынша, құжат жобасында зерттеулер мен соттар туралы мәліметерді, "қоғамға, мемлекетке және мемлекеттік рәміздерге құрметсіздікті" білдіретін немесе кісінің ар-ұжданына тиетін мәліметтерді жариялауға шектеу қоятын ережелер бар. Мұндай ережелер журналистер мен блогерлердің жұмысына кетергі келтіруі мүмкін.

Бұған қоса, HRW маңызды құжатты талқылауға екі апта аз деп есептеп, Өзбекстанның халықаралық міндеттері барын ескертті.

Мира Риттманның айтуынша, өзбек депутаттары Ақпарат кодексі журналистер мен басқа да адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуі тиіс екенін ұмытпауы керек.

"Құжаттағы қайшы ережелерді алып тастауға, сөйтіп сөз еркіндігін қорғауға әлі де уақыт бар", - деп мәлімдеді HRW өкілі.

XS
SM
MD
LG