Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі": бес белсендіні қамаудан босатпады


Бішкек қалалық соты Кемпірабад ісі аясында ұсталған белсенділердің апелляциялық шағымындарын қарап жатыр.

Азаттықтың Қырғыз қызметі тілшісінің хабарлауынша, сот алқасы парламент экс-депутаты Раушан Жеенбеков пен Жалал-Абад облысының бұрынғы губернаторы Бектұр Асановты 2023 жылдың 26 ақпанына дейін тергеу изоляторында қалдырды.

Сотта Жеенбеков істегі күдіктілердің көбісінің денсаулығы нашарлағанын айтты.

Бішкек қалалық соты 26 желтоқсанда азаматтық белсенділер Атай Бейшенбек, Шыңғыс Қапаров және Марат Баязды да қамаудан босатпау туралы шешім шығарды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сот мәліметінше, белсенділер 2023 жылдың 20 ақпанына дейін тергеу изоляторында отырады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Шыңғыс Қапаровқа жедел жәрдем бригадасы келген. Күдіктінің денсаулығы нашарлағаны хабарланды.

Сотқа күдіктілердің туыстары да келді. Олар соттан туыстарын қамаудан босатуды талап етті.

Биыл қананда Бішкекте отызға жуық саясаткер мен белсенді "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға талпынды" деген күдікпен ұсталды. Күдіктілер қылмыстық істің қозғалуын Кемпірабад су қоймасына қатысты ұстанымымен байланыстырып отыр.

XS
SM
MD
LG