Ссылки доступа

Худжандта отбасы мүшелерін жәбірлеушіге көмек орталығы ашылды


Тәжікстандағы Соғды облысының әкімшілік орталығы - Худжанд қаласында отбасы мүшелерін жәбірлеушілерге көмек көрсететін орталық ашылды.

Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, отбасымен жұмысқа жауапты мамандардың айтуынша, мұндай орталықтың ашылуына отбасында зорлық-зомбылықтың көбеюі себеп болды. Отбасы мүшелерін жіберлеушілерге психологтар мен заңгерлер көмектеседі.

"Дамыған елдерде осындай тәжірибе бар. Отбасы мүшесін жәбірлеген адамға мемлекет бірнеше талап қояды: тұтқындау, айыппұл төлеу немесе арнайы бағдарламамен оқу. Өз әрекетіне ие бола алмайтын адамдар осы бағдарламаның көмегімен отбасына қайта оралуға мүмкіндік алады", - дейді психолог Мухаррама Рахимова.

Орталық мамандары арнайы дәріс алды. Олар мұнда милиция қызметкерлерімен бірге жұмыс істейді.

"Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарымен ғана емес, жәбірлеушінің өзімен де жұмыс істеу керек екенін тәжірибе көрсетті. Біз жаңа бағдарлама негізінде жәбірлеушілермен жұмыс істеп, оларға зорлық-зомбылық деген не, оның салдары қандай екенін түсіндіреміз", - дейді заңгер Садриддин Саидов.

Орталық ЕҚЫҰ-ның Душанбедегі кеңсесінің көмегімен құрылды.

XS
SM
MD
LG