Ссылки доступа

Қаржы пирамидасы бойынша айыпталып жатқан вайнер Төребаев үйқамаққа шықты 


Алматының Алмалы аудандық соты Mudarabah Capital қаржы пирамидасы бойынша айыпталып жатқан вайнер Мейіржан Төребаевты үйқамаққа шығарды. Бұл жөнінде "Қазинформ" агенттігі хабарлады.  

Сот шешіміне сәйкес, үйқамақта Төребаевқа митингтерге және жиындарға қатысуға, сонымен бірге БАҚ өкілдерімен сөйлесуге тыйым салынды.

Сот вайнерді үйқамаққа шығарарда кәмелетке толмаған бес баласы барын, отбасының жалғыз асыраушысы екенін және қарт анасы барын ескерген.

Сот Mudarabah Capital ісі бойынша қалған айыпталушылардың, оның ішінде тағы бір вайнер Мейірхан Шерниязовтың бұғат шарасын өзгертусіз қалдырды.

Бұл іс бойынша сот отырысы онлайн-режимде өтіп жатыр. Бұл іске қатысты 12 адамға айып тағылған. Олардың арасында қаржы пирамидасы деп танылған компаниялардың жетекшілері де бар.

XS
SM
MD
LG