Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі": тағы 9 күдіктінің қамаудағы мерзімі ұзартылды


Бішкек қалалық соты 27 желтоқсанда "Кемпірабад ісі" аясында ұсталған саясаткерлер мен белсенділердің апелляциялық шағымын қарауды жалғастырды.

Қалалық соттың сот алқасы Конституциялық палатаның бұрынғы судьясы Клара Сооронқұлованы, "Тұран" партиясының жетекшісі Жеңіш Молдокматовты, ОСК-ның бұрынғы мүшесі Гүлнар Журабаеваны, азаматтық белсенділер Перизат Сұранованы, Әлі Шабдановты, Илгиз Шаменовті, Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Кеңешбек Дүйшебаевты, экс-депутат Құбанычбек Қадыровты және белсенді Ұлықбек Маматаевты 2023 жылдың 20 ақпанына дейін Бішкектегі тергеу изоляторында ұстау жөнінде шешім қабылдады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, белсенділердің туыстары сот шешіміне наразы болып, олардың бәрін үйқамаққа шығаруды талап етті. Сот үкімі шыққан соң олар "Масқара!", "Құлдар!" деп айқайлады.

Перизат Сұранованың адвокаты Жашын Бараков сотта қорғауындағы азаматтың денсаулығы нашарлағанын айтып, оны ауруханаға ауыстыруға рұқсат сұрады. Бұның алдында, 18 желтоқсанда омбудсмен Атыр Әбдірахматова қамаудағы Перизат Сұранованың денсаулығы күрт нашарлауына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақыртылғанын айтқан.

Биыл қананда Бішкекте отызға жуық саясаткер мен белсенді "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға талпынды" деген күдікпен ұсталды. Күдіктілер қылмыстық істің қозғалуын Кемпірабад су қоймасына қатысты ұстанымымен байланыстырып отыр.

XS
SM
MD
LG