Ссылки доступа

Өзбекстанда "Док-1 Макс" дәрісінен өлген бала саны 18-ге жетті


Өзбекстанда "Док-1 Макс" дәрісін ішкеннен кейін өлген бала саны 18-ге жетті, деп хабарлады омбудсмен баспасөз қызметі.

Бұның алдында осы дәріні қабылдаған соң 15 бала қайтыс болғаны хабарланған.

Самарқанд облысы балалар ауруханасының бас дәрігері М. Әзізов 15 желтоқсанда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысына хат жазып, "Док-1 Макс" дәрісін қабылдаған 21 баланың "бүйрегі істемей қалғанын" айтқан.

Омбудсмен баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқастар Жизақ, Қашқадария, Науои және Самарқанд облыстарынан түскен. Үш науқас жазылып, үйге қайтқан. 18 науқас қайтыс болған. Олардың бәрі алты жасқа дейінгі балалар, 15-і үш жасқа әлі толмаған.

Науқастардың ата-аналары тұмауратқан балаға осы дәріні берген соң жағдайы күрт нашарлағанын айтқан. Дәріні қабылдау нұсқаулығында оны екі жастан бастап беруге болатыны жазылған, ал басқа да фирмалардың осындай құрамдағы дәрілерінде 12 жастан бастап беруге болатыны айтылған.

Өзбекстан 2022 жылғы 22 желтоқсанда бұл дәріні сатуға уақытша тыйым салды. Денсаулық сақтау министрлігі Үндістанның Marion Biotech Pvt. Ltd компаниясының "Док-1 Макс" дәрісін Самарқанд дәріханаларының сатып алу тәртібін тексеріп жатыр.

Өзбекстанда балалалар өліміне байланысты Қырғызстан да "Док-1 Макс" дәрісін сатуды тоқтатты.

XS
SM
MD
LG