Ссылки доступа

Германия тәжік оппозиционерінің ұлын депортациялауды кейінге шегерді 


Тәжікстанда тыйым салынған Исламның қайта жаңғыруы партиясының мүшесі Шамсиддин Саидовтың Германияда тұратын ұлы Абдуллоны депортациялау мәселесі кейінге қалған. 

Бұл жөнінде оның жақын танысы хабарлады. Осыған дейін Шамсиддин Саидов "Германия ұлымды 13 желтоқсанда Тәжікстанға депортацияламақ" деп мәлімдеген.

Құқық қорғаушы Фарход Одинаевтың сөзінше, Абдулло Шамсиддиннің адвокаты мәлімдемесінен және оппозиция наразылығынан соң оны депортациялау мәселесі уақытша тоқтатылған.

"Қазір адвокат тиісті құжаттарды жинап, Абдуллоға саяси баспана мәселесін беруді қарастырып жатыр", - деді Одинаев.

Германия билігі бұл жөнінде әлі ресми пікір білдірмеді.

Шамсиддин Саидовтың өзі 13 желтоқсанда Озоди радиосына берген сұқбатында ұлының дер кезінде Германияның иммиграциялық қызметіне тіркелмегенін айтқан. 2018 жылы Тәжікстанның Хатлон облыстық соты оны сырттай 15 жылға соттаған.

XS
SM
MD
LG