Ссылки доступа

Екібастұзда 48 мың қызмет алушыға 5 мың теңгеден аудармақ 


Орталық Азия электр энергия корпорациясының басқарма басшысы Бағдат Орал "Екібастұзэнерго" компаниясына 240 млн теңге аударатынын мәлімдеді. Бұл қаржы тұрғындардың электр энергиясы шығынына өтемақы ретінде жұмсалмақ. 

48 172 қызмет алушының есебіне бес мың теңдеген аудармақ дейді Pavlodarnews.kz.

27 қарашаға қараған түні 150 мың тұрғыны бар Екібастұзда жылу электр орталығында ақау шығып, қала 30 градус аязда бірнеше күн жылусыз қалған еді.

Орталық Азия электр энергия корпорациясы басқарма басшысының мәліметінше, Екібастұзда ай сайын орта есеппен пайдаланатын электр энергия шығыны 220 млн теңге.

XS
SM
MD
LG