Ссылки доступа

Қажылықта жүрген өзбек азаматтарының автобусы Сауд Арабиясында апатқа ұшырады


27 желтоқсанда 10 өзбек азаматы Сауд Арабиясында Жидда-Мәдина жолында апатқа ұшырады. Бұл туралы Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, "Әл-Афадж" көлік компаниясына тиесілі Mercedes-Benz автобусын жүргізуші жолда ұйықтап кеткен.

Апаттан зардап шеккен жолаушыларға Мәдина маңындағы ауруханаларда медициналық көмек көрсетілген. Қалғандары Мәдина қаласындағы қонақ үйге орналастырылған. Бұл автобуста Өзбекстанның 50 азаматы болған.

"Өзбекстанның Жиддадағы бас консулдығы жағдайды бақылап отыр. Құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелермен байланыс орнатылды. Дипломаттар азаматтармен үнемі сөйлесіп жүр", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

XS
SM
MD
LG