Ссылки доступа

"Кемпірабад ісі": қамаудағы белсенділердің бәрі дерлік аштықты доғарды


Кемпірабад ісі аясында қамалғандардың бәрі дерлік аштықты доғарды. Бұл туралы Жазаны атқару қызметінің баспасөз орталығы хабарлады.

Ресми мәліметке қарағанда, 17 белсендінің 16-ы аштықты доғарғанын мәлімдеген. Қызмет наразылық акциясын тоқтатудан бас тартқан белсендінің кім екенін кейінірек хабарлауға уәде берді.

Биыл қазан айында Бішкекте отызға жуық саясаткер мен белсенді "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды" деген күдікпен ұсталды. Сот оларды екі ай қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды, ал желтоқсанда қамауда ұстау мерзімін тағы екі айға созды.

Ұсталған белсенділер қылмыстық істің қозғалуын Кемпірабад су қоймасын қорғаған азаматтардың комитет құру ниетімен байланыстырып отыр.

Белсенділерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылған соң күдіктілердің басым бөлігі наразылық ретінде аштық жариялады. Кейін Қырғызстанның Малайзиядағы бұрынғы елшісі Әзімбек Бекназаров, белсенділер Айданбек Ақматов пен Шыңғыс Қапаровтың аштықты доғарғаны мәлім болды.

Тәуелсіз сарапшылар мен дәрігерлер аштық жариялаған белсенділердің бірқатарының денсаулығы нашарлағанын айтты. Мәселен, экс-депутат Орозайым Нарматова 28 желтоқсанда сот залында талып қалған, белсенді Перизат Сұранованың да жағдайы нашарлағаны айтылған.

XS
SM
MD
LG