Ссылки доступа

Қырғыз президенті: мемлекеттік қызметкерлер жалақысы 100 мың сомға жетті  


Қырғызстанда бюджеттен қаржыландыру мекемелерінде істейтін қызметкерлердің айлығы 100 мың сомға (1167 доллар) жетіп жатқанын президент үкімет отырысына қатысқан жиында айтты. 

"Барлық министрлік, министрлік ғана емес, әкімдер, қарапайым мамандардан бастап маған дейін мемлекет мүддесі үшін жанталасып жұмыс істеуіміз керек. Біз неге айлықты көтердік? Алды 100 мыңнан, арты 30-40 мыңдап алып жатыр. Осының бәрін республикалық бюджетті толтырып, екі есеге көбейтіп, соның есебінен беріп жатырмыз", - деді Жапаров.

Соңғы екі жылдан бері Қырғызстанда әлеуметтік төлемақы, айлық жалақы көбейтіліп, әскер, сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айлығы өсті.

Мемлекеттік және муниципалды қызметкерлердің айлығы биыл тамыз айында өскен.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қырғызстанда жыл сайын кедейлер саны 7-8% өсіп жатыр. Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, Қырғызстанда қазір 2,5 млн адам кедейшілікте өмір сүреді.

XS
SM
MD
LG