Ссылки доступа

Елші Мальгинов: Өзбекстан мен Ресей АЭС құрылысы жөнінде бас келісім-шарт әзірлеп жатыр


Өзбекстан мен Ресей атом электр станциясы құрылысы жөнінде бас келісім-шарт әзірлеп жатыр. Бұл туралы Ресейдің Өзбекстандағы елшісі Олек Мальгинов 28 желтоқсанда Ташкентте өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Ресейдің ВВЭР-1200 қосреакторлы атом электр станциясының Өзбекстанда салынуы мен атом энергетикасы саласы екіжақты қарым-қатынастың басты бағыттарының біріне айналуы мүмкін", - дейді Ресей елшісі. Бұл туралы Podrono.uz хабарлады.

Елшінің пікірінше, Өзбекстанда былтыр басталған энергетикалық дағдарыс екі мемлекет басшыларының 2018 жылы Ташкентте қабылдаған шешімінің қаншалықты дұрыс екенін көрсетті.

"Росатом" мемлекеттік корпорациясы мен "Өзатом" агенттігі АЭС құрылысының бас келісім-шарт жобасын әзірлеп жатыр. Үлкен әрі көпсалалы жұмыс. Инженерлік өлшемдер аяқталды, жобаның техникалық пошымы анықталды", - дейді елші.

Мальгиннің мәлімдеуінше, АЭС салынған жағдайда мемлекет жылына 3 млрд текшеметр газ үнемдей алады.

Ташкент пен Мәскеу биліктері Өзбекстанда АЭС салу жөніндегі әріптестік келісімін 2018 жылғы қыркүйекте қабылдаған. Құжатқа сәйкес, екі энергетикалық блоктан тұратын атом электр станциясын "Росатом" салады. Станция Өзбекстан бюджетінің қаражатына, Ресейдің мемлекеттік несиесіне тұрғызылады.

XS
SM
MD
LG