39 жастағы Артур Ластаев бұның алдында Бас прокуратураның халықаралық-құқықтық әріптестік қызметінің басшысы болған. Ал оған дейін, 2018 жылғы шілдеден бастап, Бас прокуратураның Еуропадағы өкілі - Қазақстанның Швейцариядағы елшісінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2016 жылғы қаңтарда ол Бас прокуратура өкілі - Қазақстанның БҰҰ мен Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілінің кеңесшісі болған.
Артур Ластаев мансабы 2006 жылы Алматы прокуратурасы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінде басталған.
Ластаев ұлттық омбудсмен қызметінде Эльвира Әзімованың орнына келді. Әзімова 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық соттың төрайымы қызметіне кіріседі.
Биыл Қазақстанның 17 өңірінде адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдігі ашылды. Бұл жұмысқа бюджеттен 2,4 миллиард теңге бөлінді.