Ссылки доступа

Сардоба ісі бойынша 23 адам жазадан босатылды 


Сардаба су қоймасындағы апат бойынша Ташкент қаласында жабық режимде өтіп жатқан сотта 23 айыпталушы жазадан босатылған.  

Сот үкімінде "қызметін асыра пайдалану, ақша ұрлау және жалған құжат жасау" баптары бойынша айыпталған "Өзбекстан темір жолы" компаниясының гидротехникалық нысандарды құру бойынша дирекциясының 23 қызметкері жазадан босатылғаны айтылған.

2021 жылдың мамыр айында Өзбекстанның Жоғарғы сотында бұл оқиға бойынша алғашқы сот отырысы жүріп, 19 адамға қатысты үкім шыққан.

2022 жылдың 12 қыркүйегінде өткен екінші сот отырысында 29 адам сотталған. Олардың адвокаттары Жоғарғы сотқа арызданған.

2020 жылдың 1 мамырында Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардаба су қоймасы жарылып, алты адам қаза тауып, 70 мыңға жуық адам эвакуацияланған. Қазақстанның Өзбекстанға жақын Түркістан облысында да тұрғындар көшірілген. Бұдан бөлек Мақтарал өңірінің тұрғындары зардап шекті. Ресми мәлімет бойынша, 2 570 жеке және 76 көпқабатты үй су астында қалып, 7000 гектар егінді алқапты су шайып кеткен. 300-ге жуық мал қырылған.

XS
SM
MD
LG