Ссылки доступа

Садыр Жапаров Қырғызстандағы қырғыз және орыс тілдерінің жағдайына баға берді


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Кабар" мемлекеттік басылымына берген тағы бір сұқбатында билік "орыс тілін барлық өңірде дамыту үшін көп күш жұмсады" деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, шенеуніктер іс қағаздарын ресми тілде жүргізген уақытта "көп қате жібереді", сол себепті президент құжатты мемлекеттік тілде рәсімдеп, оны орысшаға аударып отыруды ұсынды.

"Кей жағдайда басты құжат қырғыз тілінде, ал қосымшасы орыс тілінде келіп жатады. Шатаспас үшін құжаттың түпнұсқасы қырғыз тілінде жазылып, оның орысша аудармасы да қосымша тіркелуі тиіс. Бізде бәрібір құжаттар қырғыз тілінен орыс тіліне аударылады. Орыс тілі Конституцияда ресми тіл деп бекітілгені бәріне мәлім", - дейді президент.

Мемлекет басшысы 2021 жылы Ресей президенті Владимир Путиннен Қырғызстанда тоғыз орыс мектебін тұрғызуға көмек сұрағанын айтты.

"Мектепте ағылшын тілін де дұрыстап үйреткенін қалаймыз. Бірақ қаржыландыру жағында мәселе көп, өйткені үш мыңнан аса мектепке ағылшын тілін жетік меңгерген мұғалім алу керек болады", - дейді Жапаров.

Үкіметтің бұған дейінгі бір отырысында Садыр Жапаров мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне іс қағаздарын қырғыз тілінде жүргізуді тапсырған.

XS
SM
MD
LG