Ссылки доступа

Ресей "Вагнердің" лагерінен қашқан алты "зекке" іздеу жариялады 


Ресейдің ішкі істер министрлігі (ІІМ) Украинаның аннексияланған Луганск облысындағы машығу лагерінен қашып кеткен "Вагнердің жеке әскери компаниясының" алты жалдамалы жауынгеріне іздеу жариялады. Олар осыған дейін Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жүрген тұтқындар болған. 

Donday басылымы жазғандай, олар қырғыз, беларус, орыс және үш өзбек азаматы болған. Басылым мәліметінше, олар 21-22 желтоқсанда қашып кеткен. Бірақ аты-жөндері жарияланбады. Олардың есірткі сақтағаны үшін сотталғаны айтылады.

Украинада Ресей армиясы жаз айларында көп әскерін жоғалтқаннан кейін "Вагнер" жеке әскери компаниясы арқылы сотталғандарды соғысқа тарта бастаған. Сотталғандарды соғысқа тарту ісімен компанияның негізін салушы ретінде танымал Евгений Пригожиннің өзі бас болып жүргізіп жатқан видеолары әлеуметтік желіде кеңінен тарап кеткен.

Олигарх Евгений Пригожин Ресей президенті Владимир Путинге жақын екенін өзі растаған.

"Вагнер" жеке әскери компаниясы – биресми әскери құрылым. Оның жалдамалы әскері Украинада, Сирияда және Африка елдерінде жүргені туралы мәліметтер шығып тұрады.

XS
SM
MD
LG