Ссылки доступа

Қырғыз милициясы Бішкекте ұсталған дәрігерлер туралы мәлімет берді 


Бішкектің Ленин аудандық милициясы дәрігерлердің ұсталуы бойынша мәлімет берді. 

Оған сәйкес, былтыр 14 желтоқсанда қалалық милицияға Бішкектің орталық мәйітханасынан ақпарат түсіп, сәбидің өлі денесі келгені хабарланған. Бұл оқиға бойынша тергеу ісі басталған.

Милиция мәлімдегендей, асқазаны ауырған сәбиді 13 желтоқсанда таңғы жетілер шамасында Бішкектегі ауруханалардың біріне алып барған. Оны сол күні 12:30 шамасында басқа аурухананың жансақтау бөліміне ауыстырады. Ол жерде бала өзіне келмей, шетінеп кетеді.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 146-бабы ("Медициналық және фармацевтік қызметкер кәсіби міндетін дұрыс атқармау") бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Күдікті ретінде алты дәрігер ұсталған.

Медицина қызметкерлерінің тәуелсіз кәсіподағының жетекшісі Бермет Барыктабасова Фейсбуктағы парақшасында президентке үндеу жасады.

Онда дәрігерлер қарашада сәбидің өлімі үшін қамалғанын, бұл оқиға баланың әке-шешесі шенеуніктің жақын туысы болғандықтан, бірінші рет дәрігерлер тобымен қамалған оқиға болып жатқанын жеткізген. Ол медицина қызметкерлеріне қысым жасалмауы керек екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG