Ссылки доступа

Мехроджиддиннің отбасы Тәжікстан ІІМ-нен өтемақы талап етті


Мехроджиддин Гадозода. Фото из семейного альбома
Мехроджиддин Гадозода. Фото из семейного альбома

2021 жылғы сәуірде Тәжікстандағы Вахдат қаласында милиция қызметкерлері ұстаған соң қайтыс болған Мехроджиддин Гадозоданың отбасы ішкі істер министрлігінен 500 мың сомони өтемақы талап етті. Алайда Душанбе қаласы Исмоили Сомони ауданының соты арызды қанағаттандырмады.

33 жастағы Мехроджиддинді 2021 жылғы 10 сәуірде ұрлық жасады деген күдікпен тергеуге шақыртқан, ал сол күні кешке оның денесін туыстарына тапсырған. Тәжікстан ІІМ мәліметі бойынша, күдікті Вахдат қаласы ішкі істер министрлігінің бөлімі ғимаратының үшінші қабатынан секіріп, ауруханада қайтыс болған. Алайда Мехроджиддин Гадозоданың туыстары оны жергілікті милиция қызметкерлері азаптап өлтірген деп есептейді.

Марқұмның әкесі Файзулло Гадоев 2 қаңтарда Азаттықтың Тәжік қызметіне ұлы Вахдат ІІМБ қызметкерлерінің кінәсінен қайтыс болды деп мәлімдеді.

"Милиция қызметкерлерінің әрекетінен әлі зардап шегіп жүрміз. Біз Мехроджиддиннің кішкентай балалары үшін өтемақы талап еттік. 65 жасымда немерелеріме қарауым керек. Ешжерде жұмыс істемеймін, әйелім ұлының қазасынан соң ауырып қалды, оған да күтім қажет. Бауырын жоғалтқан қызым да ауырып жүр. Біз қиналып қалдық", - дейді Файзулло Гадоев.

Прокуратура Мехроджиддин Гадозоданың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғап, милиция капитаны Хушвахт Файзуллозоданы қамаған. Алайда 2021 жылғы қарашада күдікті қамаудан рақымшылықпен босап шыққан.

Тәжікстан ІІМ милиция қызметкерлері Мехроджиддин Гадозоданы жәбірледі дегенді жоққа шығарып отыр. Сот кезінде құқық қорғау органының өкілі марқұмның отбасына өтемақы төлеудің ешқандай қажеттілігі жоқ екенін дәлелдеумен болды.

XS
SM
MD
LG