Ссылки доступа

Тоқаев табысынан шығыны көп шенеуніктерді жұмыстан шығаруды көздейтін заңға қол қойды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрес мәселелері және мемлекеттік қорғауға зәру азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңға өзгертулерге қол қойды. Бұл туралы ресми баспасөз 3 қаңтарда хабарлады.

Бұл заң табысынан шығыны көп шенеуніктер жауапкершілігін күшейтуді көздейді. Ереже 2027 жылы күшіне енеді. Ереже бұзғандарға айыппұл салынады немесе үш жыл мемлекеттік қызметтен босатылады.

Мәліметтерге қарағанда, шенеуніктердің табысы мен шығыны туралы мәліметтерді 2026 жылдан салыстыра бастайды.

Президент Тоқаев былтыр қаңтарда Twitter’дегі парағында билік елдегі жемқорлықпен "аямай күресетінін" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG