Ссылки доступа

Өзбекстан Quramax дәрілерін сатуды тоқтатты 


Өзбекстанның жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Амрилло Иноятов Quramax фармацевтикалық компаниясының барлық препаратын сатуды тоқтату туралы бұйрық шығарды. Бұл жөнінде Газеты.uz басылымы жазды. 

"Док-1 Макс" және "Амбронол" дәрілерін зертханада тексеру барысында талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Препраттардың құрамында пропиленгликольдың орнына этиленгликоль және диэтиленгликоль улы заты бары анықталды",- делінген министр хатында.

29 желтоқсанда Үндістанның Marion Biotech компаниясы шығаратын суыққа қарсы "Цинепар", "Травамакс" және "Амбронол" дәрілерін сатуды тоқтатқан.

Осының алдында "Док-1 Макс" шәрбатынан Өзбекстанда 19 бала қайтыс болды. Бұл шәрбаттың құрамынан улы зат анықталған. Осыдан кейін Үндістанда Marion Biotech компаниясына тексеру басталғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG