Ссылки доступа

Өзбекстан Ауғанстанға электр энергиясын беру келісімін ұзартты


Ауғанстан Өзбекстаннан электр энергиясын сатып алу жөніндегі келісімді тағы бір жылға созды. 

TOLOnews агенттігінің хабарлауынша, министр міндетін атқарушы Абдул Латиф Мансур 2 қаңтарда Ташкентке барған.

Ол 2023 жылға электр энергиясын сатып алуға келісімге келгенін айтып, бірақ ауған халқын энергияны үнемдеуге шақырды. Келісімге сәйкес, Өзбекстан қыс мезгілінде Ауғанстанға сағатына 450 МВт электр энергиясын жеткізетін болады.

Соңғы екі айда Кабулда жарық жиі сөнетін болған. Тұрғындардың айтуынша, тәулігіне тек екі сағаттан ғана энергия беріледі.

Da Afghanistan Breshna Sherkat (DABS) компаниясының мәліметінше, Өзбекстан келісімге сәйкес 2022 жылы 2,2 млрд кВт электр энергиясын жеткізген. Келісім құны жылына 100 млн доллар.

XS
SM
MD
LG