Ссылки доступа

Тәжік белсенділері Ораз бен Рамзи Вазирбековтер Худжанд түрмесіне жөнелтілді  


Ораз Вазирбеков пен Рамзи Вазирбеков

Тәжікстан билігін күшпен құлатпақ болды деген айыппен 16 жылға сотталған Ораз Вазирбеков пен 13 жылға еркінен айырылған Рамзи Вазирбеков Худжандағы қатаң режимдегі түрмесіне аударылды. 

Бұл жөнінде оның туыстары Озоди радиосына хабарлады. Оларды 28 желтоқсанда алып кеткен.

Азаматтық белсенділер Ресейде жұмыс істеген. Олар былтыр шілде айында Домодедово әуежайында жоғалып кеткен. Бір тәуліктен кейін олар телеарна арқылы "елге өз еркімен оралғанын" мәлімдеген.

Сот процесі кезінде Ораз және Рамзи Вазирбековтердің туыстары бірнеше рет заңның өрескел бұзылғанын мәлімдеген.

Былтыр мамыр айында Бадахшан елді мекенінде болған халық наразылығынан соң, жүздеген адам ұсталды. Осы елді мекеннің Ресейде жұмыс істейтін азаматтары да жаппай ұсталып, Тәжікстанға депортациялана бастады. Олардың деніне "ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері, билікті күшпен тартып алмақ болды" деген айыптар тағылды.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары тәжік билігін бұл іс-әрекеттері үшін қатаң сынға алып, қамаудағыларды тез арада босатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG