Олар марқұмның өліміне жергілікті милиция қызметкерлерін айыптайды. Милиция қызметкерлері 3 қаңтарға қараған түні Абдукаххор Розиковты ұстаған. Бірнеше сағаттан кейін оның денесі мейітханаға жеткізілген.
37 жастағы Абдукаххор Розиковтың атасы Сафар Гиёев оның денесінде азапталғаннан пайда болған іздер қалғанын айтады.
3 қаңтарда кешкісін Тәжікстанның ішкі істер министрлігі "Абдукаххор Розиков психиканы қуаттандыратын амфетамин дозасын шамадан тыс көп ішкеннен қайтыс болды" деген мәлімдеме жасады.
Ресми мәлімдемеге сәйкес, Абдукаххор Розиков Гиссар тұрғыны Акбар Пироновқа 356 гр гашишті 500 долларға сатып жатқан жерінен ұсталған.
Абдукаххор Розиков бірнеше жыл бұрын есірткі саудасы үшін 12 жылға сотталған. Ол таяуда мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шыққан.