Ссылки доступа

Украина күштерінің Макеевкіге соққысынан 89 ресейлік жауынгер опат болды


Ракетная установка HIMARS (архивное фото)
Ракетная установка HIMARS (архивное фото)

Украина қарулы күштерінің жаңа жыл түні Донецк облысы Макеев елді мекеніне орналасқан ресейлік әскери бөлімдердің біріне жасаған соққысынан 89 ресейлік жауынгер мерт болды.

Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады. Опат болғандар арасында полк командирінің орынбасары подполковник Бачурин де бар.

Мерт болған ресейлік жауынгерлердің денесі темір бетоннан тұрғызылған ғимарат қирандысын аршу кезінде табылды, деп мәлімдеді Ресей Қарулы күштері бас әскери-саяси басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сергей Севрюков. Оның айтуынша, жауынгерлердің тыйымға қарамастан жаппай мобильді телефон қолдануы салдарынан әскери бөлім шабуылға ұшыраған.

Дүйсенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі 63 жауынгер мерт болғанын хабарлаған.

Министрлік мәліметінше, Украина қарулы күштері Макеевкіге HIMARS кешенімен алты зымыран атқан, олардың екеуін әуе қорғанысы жүйесімен атып түсірген. Украина жағы мәліметті растаған жоқ.

1 қаңтарда сағат 00:01-де Макеевкідегі кәсіби техникалық училище ғимаратына соққы жасалған. Оқиға орнында түсірілген видеодан жауынгерлер орналасқан училище ғимараты толықтай қирағанын көруге болады.

Украина армиясының стратегиялық байланыс басқармасы осы соққыдан 400-ге жуық адам опат болды, тағы 300-ге жуық адам жараланды деп хабарлаған.

Украин арналарының мәліметінше, опат болған жауынгерлер Самара облысынан келген. Аймақ губернаторы Дмитрий Азаров мәліметті растады.

XS
SM
MD
LG