Ссылки доступа

АҚШ елшілігі Мексика арқылы кіруге талпынған өзбекстандықтарға ескерту жасады


АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігі Құрама Штаттарға Мексика арқылы кіруге талпынған өзбек азаматтарына мұндай жолдың қауіпті екенін ескертті.

"АҚШ елшілігі Құрама Штаттар аумағына заңсыз кіруге талпынған азаматтар қылмыстық әрекеттің, қаржы алаяқтарының, адам саудалаушылардың құрбаны болуы мүмкін екенін ескертеді. Құрама Штаттарға заңсыз өту ешқашан қауіпсіз болған емес", - деп хабарлады Ташкенттегі елшілік.

АҚШ елшілігі мигранттарға елге кірудің заң аясындағы әдістерін таңдауға, сол арқылы өз өміріне қауіп төндірмеуге кеңес берді.

XS
SM
MD
LG