Ссылки доступа

Тәжікстанда Абдукаххор Розиковтың өліміне қатысы бар деген милиция қызметкерлері ұсталды 


Тәжікстанның Куляб қаласында жергілікті тұрғын Абдукаххор Розиковтың өліміне қатысы бар деген күдікпен милиция қызметкерлері қамауға алынды. Бұл жөнінде Озоди радиосына сенімді дереккөз хабарлады. 

37 жастағы Абдукаххор Розиков 3 қаңтарға қараған түні құқық қорғау қызметкерлері тарапынан ұсталып, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған. Оның туыстары Розиковты милиция қызметкерлері азаптап өлтірді деп, наразылыққа шыққан болатын.

Ертесіне Тәжікстанның ІІМ Розиковты есірткіні шамадан тыс қолданып, қайтыс болғанын мәлімдеген.

Абдукаххор Розиковты 4 қаңтарда жер қойнауына тапсырды.

Озоди радиосының дереккөзінің хабарлауынша, милицияның төрт өкілі күдікті ретінде ұсталған.

37 жастағы Абдукаххор Розиковтың атасы Сафар Гиёев оның денесінде азапталғаннан пайда болған іздер қалғанын айтады.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, Абдукаххор Розиков Гиссар тұрғыны Акбар Пироновқа 356 гр гашишті 500 долларға сатып жатқан жерінен ұсталған.

Абдукаххор Розиков бірнеше жыл бұрын есірткі саудасы үшін 12 жылға сотталған. Ол таяуда мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шыққан.

XS
SM
MD
LG