Ссылки доступа

Қырғызстанда қамауға алынған дәрігерлер тергеу ісінің тоқтап тұрғанын айтқан 


Қырғызстанның Ұлттық ана мен баланы қорғау орталығының қамауға алынған бес дәрігері тергеу ісінің тоқтап тұрғанын айтып, мәлімдеме жасады. 

Бұл жөнінде Азаптаудың алдын алу ұлттық орталығының өкілі хабарлады.

"Әзірге дәрігерлерден азаптау немесе зорлық-зомбылық жөнінде шағым түспеді. Оларды 28 желтоқсанда ұстаған. Содан бері тергеу амалдары жүргізілмеген. Дәрігерлер осыған наразы", - деді ұлттық орталықтың өкілі.

30 желтоқсанда Бішкектің Ленин аудандық соты ұсталған дәрігерлерді 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін ұстау жөнінде шешім шығарған. Тағы бір дәрігер үйқамаққа алынған.

Қамауға алынған дәрігерлерге "кәсіби қызметіне салғырт қарады" деген айып тағылған.

Милиция мәліметінше, дәрігерлердің ұсталуына кішкентай сәбидің өлімі себеп болған. Шетінеп кеткен сәбидің әке-шешесі лауазымды шенеуніктің туысы болып келетіні айтылады.

XS
SM
MD
LG